Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 17
Cейсмикалық қауіп
25
ноябрь
2024
Cейсмикалық қауіп
11б сынып оқушылары Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтары туралы танысуда. https://www.instagram.com/p/DCx3pjqouR5/?img_index=1
Білім және мансап - 2024
25
ноябрь
2024
Білім және мансап - 2024
Д.Бабаев атындағы N115 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары 20.11.2024 ж. “Атакент” көрме орталығында өткен “Білім және мансап - 2024” Халықаралық білім көрмесіне барды. Мақсаты: шетелдік және отандық алдыңғы қатарлы университеттерде білім алу мүмкіндігі туралы кешенді ақпарат ұсыну.  ​https://www.instagram.com/p/DCq96bAorYn/?img_index=1​​​
#Біртұтас_тәрбие
22
ноябрь
2024
#Біртұтас_тәрбие
Алматы қаласы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы, дінтанушы Болатжан Ә.Н. интернет кеңістігінде діни-экстремистік идеологияның таралу қаупі туралы алдын ала ескертіп, жастар мен қоғам арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол радикалды идеологияның алдын алу үшін діни сауаттылықты арттырудың, ақпараттық қауіпсіздікті сақтаудың және интернеттегі күмәнді мазмұндардан аулақ болудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Алматы
Буллингке қарсы күрес
21
ноябрь
2024
Буллингке қарсы күрес
Д.Бабаев атындағы №115 ЖББМ инспекторы Қ.Н. Өмішева және мектеп психологы Құрманғазы А.Б. оқушылар арасында буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында: • Буллингтің түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары; • Кибербуллингтің қауіптері және интернетте өзін-өзі қорғау жолдары; • Қиын жағдайға тап болғанда көмекке жүгінудің маңыздылығы; • Оқушылар арасындағы сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттігі талқыланды.
“1-сынып, 1-кітап”
19
ноябрь
2024
“1-сынып, 1-кітап”
Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте кітапхана меңгерушісі Тоқсамбаева Дәмет Шәлібекқызының ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары арасында “1-сынып, 1-кітап” атты мәнерлеп оқу марафоны өтті. Марафон барысында әр сынып оқушылары түрлі шығармалардан үзінділер оқыды: • 5-а сынып оқушылары: • Сабыржан Нұрай — Ыбырай Алтынсариннің “Атымтай Жомарт” әңгімесінен үзінді оқыды. • Күлдібай Айбар — Асанқайғының “Жерге айтқан сыны” әңгімесін орындады. • 5-ә сынып оқушылары: • Батырхан Іңкәр —
“Ұшқыр ой алаңы”
18
ноябрь
2024
“Ұшқыр ой алаңы”
БПФ форматында 8-11 сынып оқушылары арасында өткен “Ұшқыр ой алаңы” атты мектепішілік пікірсайыс сәтті өтті. Іс-шараны мектеп парламенті ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Қатысушылар өздерінің ой-өрісін, шешендік қабілеттерін және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын көрсетіп, қызу пікірталас жүргізді. Пікірсайыс оқушылардың бір-бірімен еркін пікір алмасуына, өз көзқарастарын дәлелдеп, қарсы тараптың ұстанымдарын тыңдап, құрметтеуге мүмкіндік берді.  ​https://www.instagram.com/p/DCbuM-JIcnQ/​​​
Ұлттық валюта күні
15
ноябрь
2024
Ұлттық валюта күні
Ұлттық валюта күні – 15 қараша Қазақстанда төл теңгенің айналымға енген күні ретінде атап өтіледі. 1993 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының өз валютасы – теңге қолданысқа енгізілді. Бұл оқиға еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды қадамдарының бірі болды. Ұлттық валютаның енгізілуі экономикалық дербестікке және қаржы жүйесін нығайтуға негіз салды. Теңге – мемлекеттің экономикалық дамуының, қаржылық тұрақтылығының және ұлттық болмысының символы болып табылады. Әрбір тиын мен теңгеде
Қауіпсіздік – ең басты орында!
14
ноябрь
2024
Қауіпсіздік – ең басты орында!
Құрметті ата-аналар мен қала тұрғындары! Қыс мезгілі жақындап, қалың қар түсуі күтілуде. Осындай уақытта балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлейік. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көшеде, мектепке барар жолда және ойын алаңдарында сақтық шараларын ұмытпаңыздар. Балаларға тайғақ жолдарда абай болуды, сырғанақтан тек қауіпсіз жерлерде сырғанауды және жаяу жүргіншілерге арналған жолды қолдануды ескертіңіздер. Қауіпсіздік – ең басты орында! Әрқайсымыз сақ болсақ, қысқы мезгілді қауіпсіз
Оқушы жетістігі
13
ноябрь
2024
Оқушы жетістігі
Семей қаласында 1-8 қараша аралығында Тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы командалық чемпионатында , Алматы құрамы жасөспірімдері чемпион атанды, Құрамы сапында Дүйсенбек Ерлан, Ақылбеков Темірхан #115 ЖББМ оқушылары чемпион атанып, ҚР ұлттық құрамы мүшесіне енді! Жаттықтырушысы Тұрылығұл Амирхан!
Оқушы жетістіктері
12
ноябрь
2024
Оқушы жетістіктері
Д.Бабаев атындағы №115 ЖББМ 11 “А” сынып оқушысы Ануарбек Аян джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орын иегері атанды. Бұл үлкен жетістік тек Аянның ғана емес, бүкіл мектептің, ұстаздарының және сыныптастарының абыройын асқақтатып отыр. Аянның табандылығы, еңбекқорлығы және үздіксіз жаттығулары өз жемісін берді. Ол өз талантын, жігерін және спортқа деген сүйіспеншілігін әлемдік аренада дәлелдей алды. ​https://www.instagram.com/p/DCTsNOdIOnP/​​​ Аянды осы маңызды