17
январь
2023
Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының "I орын" алды
Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының «I орынды» мектебіміздің оқушысы Бақтабек Бақытжан алды.
Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене отырып «Мағжан әлемі» республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айындағы «Мағжан оқулары» конкурсына «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша қатысып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Көпеева Гүлнара . Құттықтаймыз!