Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ботаникалық баққа оқушылармен барған саяхат
19
ноябрь
2025

Ботаникалық баққа оқушылармен барған саяхат

🌲🌳🪾🌿☘️🍀

Бүгін биология пәнінің мұғалімі Байбугаева Б.А. мен география пәнінің мұғалімі Жансарова Ж. Т.
8 сынып оқушыларын ботаникалық баққа саяхатқа апарды. Бұл күнді оқушылар ұзақ күткен еді, өйткені табиғаттың әсем көріністерін тамашалап, өсімдіктер әлемі туралы көбірек білуді мақсат еткен еді...

Баққа кірген сәттен бастап жан-жақтан жайқалған өсімдіктер бізді ерекше әсерге бөледі. Әр аймақтың өзіне тән гүлдері, биік пальмалар, сирек кездесетін тропикалық ағаштар бір сәтте басқа әлемге алып кеткендей болды. Экскурсия жетекшісі түрлі өсімдіктердің шыққан тегі, олардың табиғаттағы рөлі және күтім тәсілдері туралы қызықты мәліметтер айтып берді.
Саяхат соңында балалар табиғатты қорғаудың маңызын жақсы түсінді. Бұл саяхат бізге тек жаңа білім ғана емес, сонымен бірге табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін сыйлады. Ботаникалық бақтағы әсерлі саяхат ұзақ уақыт есімізде қалары сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: