07
февраль
2025
“Қыз бала гигиенасы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдылары”
“Қыз бала гигиенасы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдылары” тақырыбында 11 сынып қыздарымен ашық пікір алаңы өткізілді. Мақсаты: қыздарды қыз бала құпияларымен таныстырып, қажетті мәліметтермен ақпараттандыру, жеке шекараларды қорғау және саналы шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту. Мектеп медбикесі Манекеева А.Ж “репродуктивті денсаулықты сақтау”, “түрлі жұқпалы инфекциялар” туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. ДТІЖО Жансароыва Ж.Т “қызға 40 үйден тиым” сөзінің мән-мағынасын тарқатып, қыз балаларға арналған бейне баян көрсетті. Мектеп психологы Құрманғазы А.Б “Қате шешімге апаратын мифтер” тақырыбында сөз қозғап, қателіктердің медициналық және психологиялық салдары туралы ақпарат берді.
https://www.instagram.com/p/DFwlTYuIASq/?img_index=3
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
#oqu_agartu_ministrligi
https://www.instagram.com/p/DFwlTYuIASq/?img_index=3
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
#oqu_agartu_ministrligi