Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш»
13
декабрь
2024

«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш»

«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры» атты аудандық семинар өтті.
Аудан мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар барысында «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні», «Біз- Тәуелсіз елдің болашағымыз», «Мұзда жанған алау», «Тәуелсіз елім- Қазақстан» атты ашық сабақтар және «Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры» атты концерт өтті. ​https://www.instagram.com/p/DDg7mLNo0AJ/​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: