14
октябрь
2024
“Бала құқығы” жиналысы
Мектеп инспекторы Қ.Н. Өмішева мектепте 9-11 сынып оқушыларына “Кәмелетке толмағандар арасындағы жиі орын алатын құқық бұзушылық және қылмыс”, “Бала құқығы”, “Қазақстан Республикасының Әкімшілік және Қылмыстық Кодекстерінің баптары”тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Инспектор оқушыларға құқықтық тәртіп, қауіпсіздік ережелері және заң бұзушылықтың алдын алу туралы маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар, буллинг және кибербуллинг мәселелеріне ерекше тоқталып, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Түсіндіру жұмыстары оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.