Креативті ұстаз,заманауи ата-ана » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Креативті ұстаз,заманауи ата-ана
08
ноябрь
2023

Креативті ұстаз,заманауи ата-ана

Креативті ұстаз,заманауи ата-ана, болашағы жарқын білім алушы тақырыбында «Д.Бабаев атындағы №115 ЖББМ КММ»-нің 5-сыныптар арасында тренинг болып өтті.
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, тұлға болып қалыптасуына, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орната алады.
Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы «Үштік одақ» құрылымы , құқықтары мен міндеттері туралы, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалаудың түрлерін таныстырып өтті. «5 қадам» әдісі,Қағаздан әртүрлі пішін жасау трингтері жүргізілді.Білім алушыларға «Мектеп өмірі» тақырыбында сурет салу тапсырмалары беріліп, ата-аналар тарапынан жұмыстарды тексеру, бағалау жүзеге асырылды.Ата-ана, білім алушы, мұғалім яғни үштік одақ болған болған жағдайда алынбайтын қамалдың болмайтынына көздері жетті. Тренинг жоғары деңгейде өткізіліп,қызу талқыланып, пікірлерін айтылып, ата-аналар жақсы әсерде болып, сезімдерін жасыра алмай,мектеп ұжымына алғыстарын жаудырды.
Мақсатымыз – балаларға сапалы білім мен тәрбие беру ісінде нәтижелі жетістіктерге жету.Болашақ ұрпаққа тәлім- тәрбие беруде білім сапасын жақсарту жолында, мұғалім , ата-ана жане оқушы үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытса, оң нәтижеге қол жеткізетініміз сөзсіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әр ісімізде бірігетін болсақ, оң нәтижеге қол жеткізетініміз анық.... 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: