«Мектеп автобусы» » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп автобусы»
01
сентябрь
2023

«Мектеп автобусы»

«Мектеп автобусы» жобасы қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен Алматыда алғаш рет жүзеге асырылуда.
Алматы қаласы бойынша мектепке жетуі қиын оқушыларды тасымалдау үшін 100 мектеп автобусы сатылып алынды. Биылғы жаңа оқу жылында сол автобустың біреуі біздің мектебімізге берілді. Ата-аналардың өтінішін қарастыра отырып, мектеп директоры Чорманова Алия Сбанқұлқызы осы жобаның іске асырылуына ат салысты.Бұл балаларға арналған қоғамдық көлік тек «Маяк» ықшам ауданында тұратын білім алушыларға тиесілі.
Автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай, оларда авариялық шығу жолы, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус және т.б. бар. Балалар мұғалімнің қарауымен және балаларды тасымалдау ережелеріне сәйкес тасымалданады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: