Дебат клубы » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дебат клубы
12
февраль
2022

Дебат клубы

     Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту — өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет.

     «Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Осыған орай мектебіміздегі  «Достық» пікір-сайыс клубы

 « БП пандемия жағдайында Қазақстан азаматтарын міндетті түрде вакцинациялау орынды деп санайды » тақырыбында кезекті ойындарын өткізді. Үкімет тарапында 1 спикер 9 «Ә» сынып оқушысы Әмірхан Қазына мен 9 «А» сынып оқушысы Шаметова Анель болса, ал оппозиция тарапында 1-ші және 2-ші  спикер болып  Жұмаділ Жанасыл мен Ануарбек Арман ойын көрсетті. Ойын соңында төрешілер қорытындысын айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті.Дебат өз деңгейінде тартысты  әрі қызықты өтті.  






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

08 декабрь 2021 Дебат клубы
17 февраль 2022 Дебат клубы
10 декабрь 2021 Іс -шара
17 сентябрь 2021 Іс -шара