Жетістіктеріміз » Страница 3 » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстаз" АҚЖКО-ның Құрмет грамотасымен марапатталды
30
январь
2023
"Ұстаз" АҚЖКО-ның Құрмет грамотасымен марапатталды
Білім саласында өскелең ұрпақты тәрбиелеп, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген зор жемісті еңбегі үшін, кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға белсенді үлес қосқаны үшін және 50 жас мерейтойына  орай  Алматы қаласы Түрксіб ауданы Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы "Ұстаз" АҚЖКО-ның Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Абай әлемі» байқауының қалалық кезеңінде II дәрежелі дипломмен марапатталды
27
январь
2023
«Абай әлемі» байқауының қалалық кезеңінде II дәрежелі дипломмен
Алматы қаласы Білім басқармасының «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» бағыты бойынша (ақындар мүшәйрасы) қалалық кезеңінің II дәрежелі диплом және сертификатпен  Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы АБСАТТАР БЕКНҰР марапатталды. Жетекшісі: Көпеева Г.А. Құттықтаймыз!
Республикалық «Абай әлемі» байқауынан I орын иеленді
20
январь
2023
Республикалық «Абай әлемі» байқауынан I орын иеленді
Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауынан  I орынды мекте біміздің  9 сынып  оқушысы Абсаттар Бекнұр алды. Жетекшісі: Көпеева Гүлнара. Құттықтаймыз!
Құрмет грамотасымен марапатталды
17
январь
2023
Құрмет грамотасымен марапатталды
Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының құрмет грамотасымен мектебіміздің ұстазы Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы марапатталды.  Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене отырып «Мағжан әлемі» республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айындағы «Мағжан оқулары» конкурсына өз шәкірттерін белсене қатыстырып, Мағжан шығармаларын, әдеби мұраларын дәріптеу, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке
«Құрмет грамотасымен» марапатталды.
27
декабрь
2022
«Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының» ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыста мектебіміздің оқушылары II орын алды.  Мектеп директоры Чорманова Алия Сбанқұлқызы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында, дене шынықтыру  мен спорт саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Құттықтаймыз!
"Алғыс хатпен" марапатталды
26
декабрь
2022
"Алғыс хатпен" марапатталды
Мектебіміздің ұстазы Макулбекова Айнур Курбановна "Amanat" партиясының Тәуелсіздік қарсаңында "Алғыс хатпен" марапатталды.
Республикалық айтыста үздік деп танылды
14
декабрь
2022
Республикалық айтыста үздік деп танылды
Мектебіміздің оқушысы Абдиризакова Жұлдыз Республикалық «Мен жастарға сенемін» атты IV Республикалық оқушылар айтысында үздік өнер көрсеткені үшін  Алғыс хат, Сертификат және  кітаптар, қаржылай сыйлықпен марапатталды.  Жетекшісі Аяулым Қайырбекқызы. Құттықтаймыз!
Алғыс хатпен марапатталды
14
декабрь
2022
Алғыс хатпен марапатталды
«2022- Балалар жылына» орай ұйымдастырылған «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан, Алматы қаласы жасөспірімдері арасындағы іріктеу чемпионатына шәкірт дайындап қатыстырғаны үшін №6 Оқушылар үйінің Алғыс хатымен мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тұрсынбаева Медина марапатталды. Құттықтаймыз!
«Жақыныңа қамқор бол» атты жарыста  I орын алды.
08
декабрь
2022
«Жақыныңа қамқор бол» атты жарыста I орын алды.
Түрксіб ауданындағы №6 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Баум  тоғайында Түрксіб ауданы мектептерінің оқушыларының арасында құстарға қамқорлық көрсету мақсатында құстарға ұя жасау бойынша жарыс өтті. Жарысқа мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, Еңбек пәнінің мұғалімі Турбеков Ербол ағаймен бірге құстарға ұлттық нақышта  киіз үй тәріздес 1 ұя және 1 жылы ұя жасап, Баум тоғайына іліп, құстарға қамқорлық көрсетті. Оқушылар өз жұмыстарын таныстырды.  «Сақшылар» тобы  «Жақыныңа қамқор бол»   атты қанатты
Тогузбаева Айман Уябаевна марапатталды
01
декабрь
2022
Тогузбаева Айман Уябаевна марапатталды
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдары жас педагогтерінің "Жас келсе іске..." атты 3 қалалық слетіне белсене қатысқаны үшін және шығармашылық табыстары үшін Тогузбаева Айман Уябаевна марапатталды. Құттықтаймыз!