Педагогикалық кеңес » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогикалық кеңес
12
январь
2022

Педагогикалық кеңес

Бүгін 13.01.2022 ж."Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де онлайн форматта педагогикалық кеңес  өткізілді. Мектеп директоры Ә.С.Чорманова  педагогикалық кеңестің тақырыбы мен мақсатымен таныстырып өтті. Педагогикалық кеңестің тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби қалыптасуы мен дамуы. Мақсаты: Бәсекеге қабілетті білім беруде мұғалімнің шығармашылық жұмыстарын дамыту. Аталған тақырып бойынша қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндер бірлестік жетекшісі  А.К.Ботыбаева өткізілетін жұмыстарын атап таныстырды. Алдымен ойтүрткі бойынша мұғалімнің ақпараттық құзіреттілігін  анықтауға арналған сауалнаманы шебер-мұғалім Г.А.Көпеева google.com/forms  бойынша жүргізді. Сауалнамада қойылған сұрақтарға нақты жауапты аға-ұстаз, зерттеуші-мұғалім Б.Т.Чакакова  педагогтың кәсіби шеберлігін қалыптастыру жолдарындағы негізгі бес талапты атап, сұрақтардың дұрыс нұсқасын ұсынды. Сонымен қатар, қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «Маман моделін», маман профессиограммасын жасау міндеттерін атады. Жаңа форматты мұғалім қандай  этиканы пайдалану керектігін  ұсынды. Осы тұста өз тәжірибесінен шебер - мұғалім М.Б.Нусупбекова  шығармашылық жұмыс түрлерімен және мұғалім рефлексиясы қалай жазылады? Рефлекcия құрылымы, Гиббстің рефлексия моделімен  тереңнен талдама жасап таныстырып өтті .Сіздің пікіріңіз бен тәжірибеңіз қандай?- деген сұрақтармен көпшілікке ой тастап, пікірлер алмасты. Ұстаным мен  шеберлік – біздің  талмайтын қос қанатымыз. Педагогикалық кеңес жоғары деңгейде өтіліп, шешім шығарылды.











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: