16
январь
2020
Білім және Ғылым министрі Қ.А. Аймағанбетовтің қоғаммен ашық кездесуі.
14.01.2020ж. Нұр-Сұлтан қаласында арнайы шақырылған белсенді ұстаздармен БжҒМ 2020-2025 жылдарға арналған білімді дамыту бағдарламасы мен педагог мәртебесі заңы талқыланды. А.Аймағанбетов өзі министр болған жарты жылда министрлік атқарған жұмыстарға, 2020-2025жылдарға арналған даму жоспарымен таныстырылды. Талқылау 5 сағатқа ұласты, ашық пікір алмасу жағдайында өтті. Кездесу барысы шақырылған ұстаздардың әлеуметтік желідегі парақшаларында жазылып, көпшіліктің пікірталасына ұласты. Бұл кездесуге әріптесіміз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нусупбекова Мейрамгүл Барказатқызы қатысып, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтары жөнінде ой қосып қайтты.