Іс-шаралар » Страница 17 » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 17
Іс -шара
28
октябрь
2021
Іс -шара
27.10.2021 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен  8-9-10-11-сынып оқушыларға арналған Республикалық лингвистикалық олимпиадасының аудандық кезеңі  «Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де өткізілді. Олимпиадаға Түрксіб аудан мектептерінен  математика мен тілдер (қазақ, орыс, ағылшын тілі) бойынша және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушылар  қатысты. Олимпиада талапқа сай нұсқаулық бойынша жүргізілді.
Іс -шара
05
октябрь
2021
Іс -шара
Тәрбие сағаты: «Қарттарым аман – сау жүрсін»     Мақсаты: жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап,тыңдай білуге,халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу .                                      Қариялар, денсаулығың мықты болсын.                                Отбасың,бала-шағаң аман болып,                                Жастарға мызғымастай бақыт қонсын! 
Іс -шара
01
октябрь
2021
Іс -шара
Бүгін Д.Бабаев атындағы 115 жалпы білім беретін мектептің білім алушылары ұстаздар күнінде білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарын көтеріңкі көңіл күймен  қарсы алды. Жүздеріне күлкі үйірілген білім алушылардың оқыған өлеңдері мен әндерін тыңдап ерекше құрметтеріне ұстаздар мәре-сәре болды.Сонымен бірге мектеп басшысы Алия Сбанкуловна ұстаздар қауымын құттықтап, мынадай пандемия кезінде дендеріне саулық, отбастарына амандық және толағай табыстар тіледі.
Іс -шара
30
сентябрь
2021
Іс -шара
30.09.2021 ж. күні Д.Бабаев атындағы 115 жалпы білім беретін мектептің кәсіподақ ұйымы қаншама жыл еңбектерін бала тәрбиесіне арнаған мектебіміздің ардагер ұстаздарын ұстаздар күнімен құттықтап шықты.Артына өшпейтін із қалдырып кеткен ұстаздарымызды жас балаша қуантып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған кәсіподақ ұйымы на алғысымыз шексіз ​
Іс -шара
27
сентябрь
2021
Іс -шара
7 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атай Айгерім Берікболсынқызы "Қөшпенділер мәдениеті - өркениеттің бастауы" атты тақырыпта ашық сабақ өтті.  Мақсаты: Көшпенділердің мәдениетімен таныстырап, өркениеттің басталуындағы өзгерістер туралы мағлұматтармен білім алушылар ой бөлісті.
Іс -шара
24
сентябрь
2021
Іс -шара
22.09.2021 жылы жас маман қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тұрмұхамет Айнұр 6 "В" сынып оқушыларына қазақ тілден "Екпін.Сөз екпіні" атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Мақсаты: мәтіннің жазылу стиліне назар аудара отырып құттықтаухат жазу, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру.
Іс -шара
22
сентябрь
2021
Іс -шара
Мектебімізде тілдер мерекесі аясында 22.09.2021 ж қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Атымтаева Жұлдызай Каримолдиевна 5"В" сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен " Киім түрлері және талғам" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ құрылымы сақталып, пән мұғалімі білім алушыларды қызықтыра білді. Білім алушылар қатысушы мұғалімдерге де сабақ барысында сұрақтар қойып тілшілік қызмет атқарды. Қазақ тілінде таза сөйлеп, шұбарламай сөйлеуге атсалысқан шәкірттерге алғысым шексіз!
Іс -шара
17
сентябрь
2021
Іс -шара
17.09.2021ж күні "Д.Бабаев атындағы 115 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Тіл-ең асыл құндылық" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тогузбаева Айман Уябаевна 9-10-11 сынып оқушыларына эссе жаздырды. Мақсаты: өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Білім алушылар тілге деген құрметтерін ақ парақ бетіне түсіріп, ойларын еркін жеткізе білді.
Іс -шара
16
сентябрь
2021
Іс -шара
16.09.2021 жылы 5-сыныптар арасында "Мақал - сөздің мәйегі" атты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жатқа жарыса айтудан сайыс өтті. Бұл сайыстың мақсаты ата-бабамыздан қалған нақыл сөздерді жас ұрпағымыздың қандай деңгейде білетіндігін анықтау, әрі мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерді насихаттау, ата–бабаларымыздың осы бір асыл мұраларын  білу.