Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.
12
декабрь
2022

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау жиыны 12 желтоқсан күні мектептің мәжіліс залында өтті. 

Мектеп үздіктері мен екпінділерін Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі:

І. Туды кіргізу

ІІ. Әнұранды орындау

ІІІ. Қабылдау рәсімі

ІV. Ант беру

V. Ұйымның мақсаты мен міндеттерімен таныстыру

VІ. Құттықтау сөздер

VІІ. Туды шығару 

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдауға: 5 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі: Ботыбаева Аяулым,

5 «Ә» сынып оқушылары, сынып жетекшісі: Байбугаева Бақытгүл,

5 «Б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі: Атымтаева Жұлдызай,

5 «В» сынып оқушылары, сынып жетекшісі: Атай Әйгерім қабылданады. 

Жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы 5 «А», «Ә», «Б», «В» сынып оқушылары ант қабылдады. Ант қабылдап біткен соң «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстуктарын тағу  рәсімі өтті. «Жас Ұлан» әні орындалып, 5 сынып оқушылар патриоттық әндерге би биледі. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті.








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: