14
июнь
2022
Іс шаралар
Жаз маусымы- қала баласының ауылға, ауыл баласының қалаға асығатын кезі. Осындай мезгілде жазғы лагерьдің жұмысы да қыза түседі. Жазғы лагерь тек демалатын жер емес, ол әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай қалған талантын, қабілетін ашатын орын. Онымен қоса топпен жұмыс жасауға, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді. Бүгінгі біздің күніміз шығармашылыққа арналды. Мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абдималикова А “ Ертегі еліне саяхат” тақырыбында “ Бауырсақ” “ Жеті лақ” ертегілерін балалармен бірге сахналады. Оқушылар арнайы маска киіп әр жануарды сала отырып, образға кіре білді. Содан соң , топ жетекшілері бірлесе ұйымдастырған “ Екі жұлдыз” ән байқауы болып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Байқау соңы Би кешіне ұласты.