Іс -шара » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2021

Іс -шара

Бүгін 15.09.2021жыл  5-11- сыныптар  арасында «Менің тілім – менің тағдырым» атты шығармашылық (өз шығармашылығынан сурет салу,ертегі, әңгіме өлең,ойтолғау жазу) байқау өтті. Байқаудың мақсаты: Оқушылар  өз шығармашылығымен бөлісіп, өз елінің,  тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғу. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және тілдің қоғам өміріндегі маңызын сезінуге баулу. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектесетін байқау болғандықтан шығармашылық байқау жалғасын табады. Нәтижесі апталықтың қорытындысында анықталады. Жауаптылар: М.Б.Нусупбекова мен А.Қ.Ботыбаева

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: