Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 мамыр отбасы күні
15
май
2025

15 мамыр отбасы күні

Бүгін – халықаралық отбасы күні. Мәдениет және ақпарат министрі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева Facebook парақшасында құттықтау жариялап, елімізде 6,2 миллионнан астам отбасы бар екенін атап өтті. Ол отбасын қолдаудың мемлекет үшін тұрақты дамудың берік негізі екенін айтты. Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнама жетілдіріліп жатқанын жеткізді. Аида Балаева бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылданатынын және отбасы күніне арналған онлайн-челленджге белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, халықаралық отбасы күні Қазақстанда 2013 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісінде ұлттық Отбасы күні ретінде атап өтіледі. Осы уақыттан бері отбасы институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, бала тәрбиесі мен әлеуметтік осал отбасыларды қолдау бойынша маңызды жұмыстар жүргізілуде.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: