Сенбілік – тазалық кепілі. » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сенбілік – тазалық кепілі.
27
апрель
2024

Сенбілік – тазалық кепілі.

Сенбілік – тазалық кепілі.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы міндетті орындау мақсатында
27.04.2024 ж. мектебімізде жалпы мектепішілік сенбілік өтті.
Қала тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Қаланы қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Мектеп мұғалімдері мектеп маңайын, мектепке бөлінген аймақтарды тазалады.Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.
Сөйтіп, білім ордасының ұжымы бір үйдің баласындай біріге жұмылып, сүйікті де көрікті қаламыз Алматының көріктенуі ісіне өз үлестерін қоса білді.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс, - деп есептейді мекетп мұғалімдері мен қызметкерлері. https://www.instagram.com/reel/C6QKrQHIN3b/?igsh=eXg2aW8ybjFpMHk0

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: