Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 33
Оқушы қыздармен өтілген жиналыс
10
октябрь
2023
Оқушы қыздармен өтілген жиналыс
10.10.2023 жыл мектебімізге №32 Қалалық емхананың дәрігерлері Бодаубекова Жансая, Мухажан Бибіажар келіп 8-11 сынып қыздарына "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. 
Футболдан жарыс
10
октябрь
2023
Футболдан жарыс
Азаматтық борыш жобасы аясында жастар арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.Түрксіб ауданы бойынша 12 команда қатысып,мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларынан құралған команда 3-орын алды. Жарысқа қатысушыларды құттықтаймыз,жеңісті күндеріңіз көп болғай 👏🏻👏🏻👏🏻. Жетекшісі:Кожагельдиев Гани
Мәдени-ағартушылық жобалар
06
октябрь
2023
Мәдени-ағартушылық жобалар
“Төрт тоқсан-төрт өнер”ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында “Ақындар айтысы” іс-шарасы өз жұмысын бастап жатыр. Мақсаты: Мектепішілік дарынды оқушыларды анықтау. Оқушылардың шабытын оятып, ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды ақындық өнерге тәрбиелеу. #1тоқсан #ақындарайтысы 
International Educational Fair 2023
04
октябрь
2023
International Educational Fair 2023
“International Educational Fair 2023” Халықаралық білім көрмесіне 10-сынып оқушылары барды.
Ардагер ұстаз
04
октябрь
2023
Ардагер ұстаз
Аяулы да ,қадірлі ардагер ұстаз,өмірінің 40 жылын бала оқытуға арнаған Музыка пәнінің мұғалімі болған Күнсұлу Қуатбекқызымен 2 "Ә" ,2"В" сыныбында кездесу өтті.
Ұстазым, менің ұстазым
03
октябрь
2023
Ұстазым, менің ұстазым
9 “Б” сыныбында “Ұстазым, менің ұстазым” атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына ҚР Білім беру ісінің үздігі, “Ардақты ұстаз” төс белгісінің иегері, қоғам қайраткері Қаныша Қыдырбекқызы кездесуге шақырылды. Кездесуде қарт мұғалімнің еңбек жолынан, 115 мектептің тарихынан сыр шертілді. Оқушылар ұстазды алыстан күтіп алып, әнмен қарсы алды. Күй тартып, өлең оқып, өз өнерлерін де көрсетті. Тәрбие сағатына кітархана меңгерушісі Дәмет Шәлібекқызы қатысты. Тәрбие сағатын шебер-педагог Нүсүпбек
Біз терроризмге қарсымыз
29
сентябрь
2023
Біз терроризмге қарсымыз
ІІМ-нің Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жаза қарастырылатындығы туралы мектеп оқушыларына бейнежазба көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді 
Оралхан Бөкей - көркем сөздің құлагері
28
сентябрь
2023
Оралхан Бөкей - көркем сөздің құлагері
Оралхан Бөкей (1943-1993) – қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург. Бүгінде 80 жыл толуына орай біздің кітапханамызда көрме ұйымдастырылып оқушылар еңбектерімен танысты . Кітапханашы: Тоқсанбаева Дәмет Шәлібекқызы.  
Заманының заңғар тұлғасы
27
сентябрь
2023
Заманының заңғар тұлғасы
"Заманының заңғар тұлғасы" Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай №30 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен 6 "В" сынып оқушыларына тарихи-таным сағаты өтті. Оқушылар батырдың өмірбаянын, еңбектерін, ерліктерін естіп, өте үлкен әсерде болды. Қатысқандар : 6 "В" сынып оқушылары Жауапты: Атай Айгерім Берікболқызы. 
Көрнекті тұлғалардың мұрасы
22
сентябрь
2023
Көрнекті тұлғалардың мұрасы
Мектебімізде 7-сынып оқушылар арасында «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы бойынша 2-кезеңі өткізілді. "Жасырынбақ", "Бәйге", "Тоғызқұмалақ", «Ақ байлақ», "Сиқырлы таяқ" ойындары арқылы тапсырмалар орындады. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар көрнекті тұлғалардың мұраларын еске сақтап, қызығушылықтары артты. Қорытындысы шығарылып, қатысқан сыныптар жүлделі орындарға ие болды. Жауапты:Аяулым Қайырбекқызы.