Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 16
“1-сынып, 1-кітап”
19
ноябрь
2024
“1-сынып, 1-кітап”
Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте кітапхана меңгерушісі Тоқсамбаева Дәмет Шәлібекқызының ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары арасында “1-сынып, 1-кітап” атты мәнерлеп оқу марафоны өтті. Марафон барысында әр сынып оқушылары түрлі шығармалардан үзінділер оқыды: • 5-а сынып оқушылары: • Сабыржан Нұрай — Ыбырай Алтынсариннің “Атымтай Жомарт” әңгімесінен үзінді оқыды. • Күлдібай Айбар — Асанқайғының “Жерге айтқан сыны” әңгімесін орындады. • 5-ә сынып оқушылары: • Батырхан Іңкәр —
“Ұшқыр ой алаңы”
18
ноябрь
2024
“Ұшқыр ой алаңы”
БПФ форматында 8-11 сынып оқушылары арасында өткен “Ұшқыр ой алаңы” атты мектепішілік пікірсайыс сәтті өтті. Іс-шараны мектеп парламенті ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Қатысушылар өздерінің ой-өрісін, шешендік қабілеттерін және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын көрсетіп, қызу пікірталас жүргізді. Пікірсайыс оқушылардың бір-бірімен еркін пікір алмасуына, өз көзқарастарын дәлелдеп, қарсы тараптың ұстанымдарын тыңдап, құрметтеуге мүмкіндік берді.  ​https://www.instagram.com/p/DCbuM-JIcnQ/​​​
Ұлттық валюта күні
15
ноябрь
2024
Ұлттық валюта күні
Ұлттық валюта күні – 15 қараша Қазақстанда төл теңгенің айналымға енген күні ретінде атап өтіледі. 1993 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының өз валютасы – теңге қолданысқа енгізілді. Бұл оқиға еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды қадамдарының бірі болды. Ұлттық валютаның енгізілуі экономикалық дербестікке және қаржы жүйесін нығайтуға негіз салды. Теңге – мемлекеттің экономикалық дамуының, қаржылық тұрақтылығының және ұлттық болмысының символы болып табылады. Әрбір тиын мен теңгеде
Қауіпсіздік – ең басты орында!
14
ноябрь
2024
Қауіпсіздік – ең басты орында!
Құрметті ата-аналар мен қала тұрғындары! Қыс мезгілі жақындап, қалың қар түсуі күтілуде. Осындай уақытта балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлейік. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көшеде, мектепке барар жолда және ойын алаңдарында сақтық шараларын ұмытпаңыздар. Балаларға тайғақ жолдарда абай болуды, сырғанақтан тек қауіпсіз жерлерде сырғанауды және жаяу жүргіншілерге арналған жолды қолдануды ескертіңіздер. Қауіпсіздік – ең басты орында! Әрқайсымыз сақ болсақ, қысқы мезгілді қауіпсіз
Оқушы жетістігі
13
ноябрь
2024
Оқушы жетістігі
Семей қаласында 1-8 қараша аралығында Тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы командалық чемпионатында , Алматы құрамы жасөспірімдері чемпион атанды, Құрамы сапында Дүйсенбек Ерлан, Ақылбеков Темірхан #115 ЖББМ оқушылары чемпион атанып, ҚР ұлттық құрамы мүшесіне енді! Жаттықтырушысы Тұрылығұл Амирхан!
Оқушы жетістіктері
12
ноябрь
2024
Оқушы жетістіктері
Д.Бабаев атындағы №115 ЖББМ 11 “А” сынып оқушысы Ануарбек Аян джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орын иегері атанды. Бұл үлкен жетістік тек Аянның ғана емес, бүкіл мектептің, ұстаздарының және сыныптастарының абыройын асқақтатып отыр. Аянның табандылығы, еңбекқорлығы және үздіксіз жаттығулары өз жемісін берді. Ол өз талантын, жігерін және спортқа деген сүйіспеншілігін әлемдік аренада дәлелдей алды. ​https://www.instagram.com/p/DCTsNOdIOnP/​​​ Аянды осы маңызды
«Ұшқыр ой» дебаты
11
ноябрь
2024
«Ұшқыр ой» дебаты
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Біз сіздерді қызықты және танымдық дауға қатысуға шақырамыз! Жұма күні мектебімізде «Ұшқыр ой » атты дебат өтеді. Бұл шарада сіздер өз пікірлеріңізді ашық айтып, қарсыластарыңызбен дәлелдер арқылы пікір таластыра аласыздар. Қатысушылар:8-11 сынып Өтетін күні: 15 қараша Шараға қатысу арқылы сіздер өз шешендік қабілеттеріңізді шыңдап, қарсыластарыңыздың көзқарасын түсініп, пікір алмасу мәдениетін меңгересіздер. Барлықтарыңызды күтеміз! Ұйымдастырушылар:Парламент
“Үш бәйтеректің шығармалары - мәңгілік елдің мұрасы”
08
ноябрь
2024
“Үш бәйтеректің шығармалары - мәңгілік елдің мұрасы”
Қазақ халқының көрнекті тарихи тұлғалары: С. Сейфуллин, Б. Майлин, И. Жансүгіров туралы “Үш бәйтеректің шығармалары - мәңгілік елдің мұрасы” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы 9-сынып оқушыларына конференция өткізді. Бәйтерек деген тек биіктен көрінетін, қай жерде тұрса да, сол жердің символы болатын құнды зат. Олар салт пен дәстүрді дәріптеп, ұлтты сүйреген Ұлы тұлғалар. Бұл іс-шараның мақсаты қазақ халқының тәуелсіздігі үшін саяси қуғын-сүргіннің құрбаны
Білім алушыларымыз үшін
07
ноябрь
2024
Білім алушыларымыз үшін
Күй күмбірін пайдалану – ұлттық мәдениетті дәріптеудің тамаша идеясы. Сонымен қатар, үлкен қоңырауда оқушыларға демалып, күй тыңдауға мүмкіндік беру олардың қазақтың дәстүрлі өнеріне жақын болуына ықпал етеді🇰🇿❤️. #буртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы #oqu_agartu_ministrligi #almaty_birtutas_tarbie  https://www.instagram.com/p/DCEJbDHItQ9/
Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы – ғажап ел!
21
октябрь
2024
Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы – ғажап ел!
Бүгін 11 “Б” сыныбында осы тақырыпқа арналған тәрбиелік сағат өтті. Оқушылар ата-бабамыздың ерлік жолы мен Тәуелсіздіктің құндылығын тереңірек түсініп, ел тарихына деген құрметтерін арттырды. Жастарға ел тарихын білу, оны бағалау және болашақ үшін аянбай еңбек ету маңызды екенін ұғындырдық. Біз бірлігімізбен, ынтымағымызбен жаңа белестерді бағындырамыз! Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы – ғажап ел!  9 ”в” сыныбында осы тақырыпқа арналған тәрбиелік сағат өтті. Бұл шара оқушыларға еліміздің бай тарихы