Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 12
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай тәрбие сағаты өтілді
25
апрель
2023
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай тәрбие сағаты
5 "А" сыныбында «Бейбітшілік – ел тілегі» атты сынып сағаты өтілді.  Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу. Сынып жетекшісі: Аяулым Қайырбекқызы
Әдеби квест байқауының келесі турына өтті
24
апрель
2023
Әдеби квест байқауының келесі турына өтті
Әдеби квест байқауына үміткерлікке 30 шақты мектеп қатысты. Үміткерлік додасынан өткен қатысушы мектептер тізімімен таныс болыңыздар. 1.Д.Бабаев атындағы №115 мектеп 2. Абай атындағы РММИ 3. Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты 4. №166 лицей 5.Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия Келесі турға өткен қатысушыларға сәттілік тілейміз.  
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтілді
20
апрель
2023
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтілді
Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталды
18
апрель
2023
Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталды
«Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталды. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.Электронды үкімет «ЕГОВ.КЗ» арқылы 1 сыныпқа қабылдау мынадай іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады:НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!1. Бір бала бір ғана өтінім беруі тиіс (бір оқу орнына);2. Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 Мбайттан аспауы тиіс.Қызметті онлайн алу1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.2. Өтінімді толтырып
«30 кітап, 30 ән» байқауы жалғасын тапты
07
апрель
2023
«30 кітап, 30 ән» байқауы жалғасын тапты
Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектептің  9 «А»  сыныбында кітапхана меңгерушісі Тоқсанбаева  Дәметтің ұйымдастыруымен  «30 кітап, 30 ән» байқауы өткізілді.   Оқушылар салт- дәстүріміз бойынша сыныпты қазақ үйдің жабдықтарымен безендірген.  Байқауды Досанова Жансая  «Ерке сылқым» күйімен аяқтады.
Ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА
31
март
2023
Ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА
Ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА: Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек ❗️ Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Тіпті шұғыл түрде көшеге шығу керек болса да, көршілеріңізден балаларыңызға қарауларын сұраңыз. Сондай-ақ, кішкентай балаларды үлкен балалардың қамқорлығына ұзақ қалдыруға болмайды. Бұл ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті. ❗️ Бала терезенің алдына шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрін терезеден алыстатыңыз. ❗Москит торларына сенбеңіз! Олар
Алғыс хатпен марапатталды
29
март
2023
Алғыс хатпен марапатталды
Алматы қаласы Білім басқармасының «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының Алғыс хатымен мектебіміздің ұстазы Омирзакова Майгул Байзаковна марапатталды. Құттықтаймыз!
«Бала қауіпсіздігі - біздің ортақ мүддеміз» атты жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті.
28
март
2023
«Бала қауіпсіздігі - біздің ортақ мүддеміз» атты жалпықалалық
Бүгін барлық мектепте бірдей уақытта «Бала қауіпсіздігі - біздің ортақ мүддеміз» атты жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиынға онлайн режимде  Алматы қаласының Білім басқармасының өкілдері, ювеналды полиция қызметкері, 8 ауданның мектептері мен ата-аналары қатысты.  
60 жас мерей тоймен құттықтау
24
март
2023
60 жас мерей тоймен құттықтау
Опабекова Фарида, 60  жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз! Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз. Сізге ақ ниетпен қартаймас жайдары көңіл, мәнді де мағыналы өмір, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілеймін. Көңіліңіз шаттық пен қуанышқа, жанұяңыз бақ пен берекеге толсын. Құрметпен, мектеп ұжымы.