Күзгі бал
24 қазан 2025 жылы мектебімізде дәстүрлі түрде өтетін «Күзгі бал – 2025» шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 8, 9 және 10-сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік кештің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты арттыру болды. Кеш барысында әр сынып өздерінің дайындаған көріністерін, би нөмірлерін және әндерін ұсынды. Сонымен қатар, «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауы өткізіліп, оқушылар сән көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.