«Адал азамат»
«Адал азамат» бағдарламасы аясында мектебімізде әр жұма сайын «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты танымдық-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылады. Бұл шараның басты мақсаты – үзіліс уақытын тиімді өткізу арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру. Үзіліс кезінде оқушылар қазақтың төл зияткерлік және күштік ойындары – шахмат, тоғызқұмалақ пен арқан тартуға қатысып, өзара сайысқа түседі. Осындай ұлттық ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілеті, ептілігі мен бірлігі арта түседі.