“Тіл – асыл қазына” апталығы
“Тіл – асыл қазына” апталығының жабылу кеші. Апталық аясында ұлттық тілімізді ұлықтаған тағылымды іс-шаралар өткізілді. Оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, өз өнерлерін, тілге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бүгінгі жабылу кешінде сол бір апта бойғы еңбектің жемісі қорытындыланып, үздіктер марапатталды. Бұл апталық — тілдің құдіретін сезініп, рухани байлығымызды тануға жол ашқан маңызды сәт болды. Тіліміз — тұтастығымыздың тірегі. Оны қадірлеу — әрбіріміздің парызымыз! #тіласылқазына