«Білім беру ұйымдарының төтенше жағдайларға дайындық бағдарламасы»
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 10-14 маусым аралығында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті білім беру объектілерінің қызметкерлеріне «Білім беру ұйымдарының төтенше жағдайларға дайындық бағдарламасы» бойынша оқу сабақтары өткізіліп жатыр. Негізгі мақсат: білім беру объектілерінің жұмысшы құрамын төтенше жағдайларға дайындау және оқу барысында алған білімдерін білім алушыларға жеткізу, осылайша білім беру объектілерінде тұрақты қауіпсіздік жүйесін құру.