"Ең үздік сынып жетекші"
Мектебімізде "Ең үздік сынып жетекші" байқауы өз жалғасын таппақ. Байқаудың II кезеңіне өткен сынып жетекшілер "Үштік одақ " бірлігі бойынша сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді. Мақсаты: Тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын сынып жетекшілерді анықтау, жас ұрпақты тәрбиелеу әдістерімен педагогикалық ұжымды таныстыру. Барша қатысушыларға сәттілік тілей отырып, өткізген іс-шараларының жоғар деңгейде өтуіне тілектеспіз.