Жылы жүрек - жомарт қол » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жылы жүрек - жомарт қол
18
сентябрь
2018

Жылы жүрек - жомарт қол

 Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» Республикалық акциясы болып өтті.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің!» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, көп балалы, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу - әрбір адамның азаматтық парызы.

Акция барысында қол ұшын созған мейірімді жандардың қатарындағы Алматы қаласы Орталық мешітіне қарасты «Ихлас» қауымдастығы мен «Береке» қорының қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Олармектебіміздің көмекке мұқтаж оқушыларына сөмке мен сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алып беруге қол ұшын берді.

Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!.... дей келе мектеп ұжымы мен ата-аналар да қалыс қалмады. Олар да балаларға спорттық киім-кешек, мектеп формасын және құрал-жабдықтарды тарту етті.
Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

02 декабрь 2015 Балалар қуанышы
23 ноябрь 2018 Қош келдіңіздер