Қайырымдылық - адамгершілік белгісі » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
09
февраль
2018

Қайырымдылық - адамгершілік белгісі

Қайырымдылық - адамгершілікбелгісі

Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 10 қаңтардан бастап 10 ақпан аралығында мектебімізде «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды.

Қамқорлық акциясы қазіргі таңда жыл сайын өткізілетін шараның біріне айналып отыр. Мақсаты әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, жетім, жартылай жетім, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына көмек және оларға қолдау көрсету болып табылады.

Акцияға мектеп мұғалімдері мен ата-аналар жұмылдырылды. Өз мектебімізде оқитын жағдайы төмен оқушылардың отбасына көмек көрсетілді. Атап айтсақ,мектебіміздің директоры Чорманова Әлия Сбанқұлқызы мен алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Кемалов Наби көп балалы отбасылардың мектеп жасындағы балаларына мектеп формасы мен қыстық жылы киімдерін алуға қаржылай көмек көрсетті.

5 «А» сынып ата-аналары сынып жетекшісі Атымтаева Жұлдызайдың ұйымдастыруымен әлеуметтік тұрмыс жағдайы төменотбасылардың мектеп жасындағы балаларына әртүрлі дәрумендерге бай жемістер алып берді.Балалардың қуаныштарында шек болмады.

«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» демекші жанындағы адамдарға қолынан келгенше қамқорлық жасау әр азаматтың міндеті деп білемін. Балалардың мектепке жаурамай келуіне қол ұшын беріп,көмек көрсеткені үшін мектеп басшысы мен мұғалімдеріне және ата-аналарға шын жүректен үлкен ризашылығымызды білдіреміз!

 

№115 ЖББМ әлеуметтік педагогі

                                                                                                                                                          Исаева Дүйсенгүл Ибадуллақызы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

02 декабрь 2015 Балалар қуанышы
20 январь 2015 Хабарландыру
20 январь 2015 Ыстық тамақ