Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 

Балалар қуанышы

Автор: admin от 2-12-2015, 21:37, посмотрело: 331

0                                Балалар  қуанышы
 
      Бүгін, 2015 жыл  2  желтоқсанында ЖББ №115 Д.Бабаев   атындағы  мектепте  ерекше  күн. Алматы  қаласыььәкімі  Бауыржан  Байбектің және  «Азия энергопроектмонтаж» ЖШС мердігерлік   компанияның   қаржыландыруымен  мектебіміздің   спорт  алаңы   күрделі   жөндеуден  өтті.  Жөндеу  жұмысы  аяқталды,  заман   талабына  сай  жабдықталған  спорт  алаңының    бүгінгі    келбетіне   балалардың    қуанышы  шексіз!
    Салтанатты   ашылу  іс-шарасына  аудан  әкімінің  орынбасары  Тәжібаев М.И,  аудандық   оқу  бөлімі   басшысы   Ботаева А.А.  мердігерлік   компанияның   басшысының    орынбасары   Календаров   А.Ф.  қатысып, жүрек  жарды   құттықтауларын  жеткізе  отырып,  салауатты  өмір  жолы    барысында,   спорттық  сайыстарда   үлкен  жетістіктерге   жетуге   тілек  білдірді.
    Жалпы,  біздің  мектебімізде    әртүрлі   дәстүрлі    спорттық   үйірмелер   жұмыс  істейді.  Әсіресе, «Көгалдағы  хоккей»  үйірмесінің   жұмысын   ерекше   атай  отырып,  командалардың    халықаралық   деңгейге   шыққанын   мақтан  тұтамыз.
     Қалалық   әкімшілікке,  аудан   басшыларына    салауатты   өмір  салтына   барынша   жағдай  жасап,   кең  көлемде   насихатталуына     мектеп  ұжымы     ерекше   алғыс    білдіреді.
 
  
 
ЖББ  №115 Д. Бабаев   атындағы
мектеп  ұжымы.
Балалар қуанышы

Категория: фотогалерея