Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Анонс 22 сентября

Автор: admin от 17-09-2018, 20:50, посмотрело: 39

0

Категория: Ата-аналарға

 
 
 
 

Жылы жүрек - жомарт қол

Автор: admin2 от 18-09-2018, 04:53, посмотрело: 67

0

 Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» Республикалық акциясы болып өтті.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің!» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, көп балалы, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу - әрбір адамның азаматтық парызы.

Акция барысында қол ұшын созған мейірімді жандардың қатарындағы Алматы қаласы Орталық мешітіне қарасты «Ихлас» қауымдастығы мен «Береке» қорының қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Олармектебіміздің көмекке мұқтаж оқушыларына сөмке мен сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алып беруге қол ұшын берді.

Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!.... дей келе мектеп ұжымы мен ата-аналар да қалыс қалмады. Олар да балаларға спорттық киім-кешек, мектеп формасын және құрал-жабдықтарды тарту етті.
Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.


Категория: мектеп , Мұғалімдер, Ата-аналарға

 
 
 
 

Балаңызды тексеріңіз

Автор: admin2 от 26-03-2018, 05:38, посмотрело: 174

0 Балаңызды тексеріңіз

Категория: Ата-аналарға

 

Хабарландыру

Автор: admin2 от 26-03-2018, 05:35, посмотрело: 200

0

Құрметті ата-аналар!

Қазіргі кезде жас ұрпақ арасында нашақорлық пен уытқұмарлық мәселесі күннен-күнге өршіп келе жатқандығына Сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді.

Өз балаңызды зиянды әдеттерден сақтағыңыз келе ме? Онда біздің беретін бірер кеңесімізді оқыңыз:

Себептердің бірі – қызығушылық, өзіне беймәлім әсер алғысы келу болса, екіншісі – белгілі бір топқа қосылу. «Ұмыту» және өмірден рахат алу сезімі жасөспірімді нашақорлыққа жиі итермелейді. Ата-аналар көбіне баласының есірткі және уытты заттарды пайдаланатындығын кенеттен және кеш байқайды, дегенмен баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді ертерек байқауға әбден болады. Жасөспірім тұйықталып, ата-анасынан өзін аулақ ұстауға тырысады, телефон арқылы құпия әңгімелер айта бастайды, ескі достары мен оқитын орнын қоса алғанда бұрын айналысқан шаруалары оған қызықсыз болады. Оқуға деген ынтасы төмендеп, уйінен бірнеше күнге жоғалып кетеді, тәрбиеге көнбей, ашуланшақ бола бастайды. Мінез-құлқы тез өзгеріп, көңілсіздік пен енжарлық пайда болады.Интеллектуалдық дамуыныңтөмендегені, түрлі жүйелерінің қызметінің бұзылуы байқалады. Киімі алқа-салқа болып, қалталарынан банкалар, шприцтер, инелер, таблеткалар табылады.Жасөспірімнің қаржы шығыны көбейіп, үйден заттар жоғала бастайды.

Сіз осылардан сақтанғаныңыз жөн!!!!

Сіз ПБЗ қабылдайтын баланың мінез – құлқындағы симпомдармен және сыртқы белгілерімен таныса аласыз:

Симптомдары:

- баяу реакция, ұйқышылдық, түсініксіз сөйлеу,селқостық, еңбекке деген ынтасының төмендеуі немесе шамадан тыс белсенділік таныту, координацияның нашарлауы, ашушаңдық, бет әлпетіндегі мәңгүрттік, көз жанарының үлкеюі немесе керісінше кішіреюі, тәбетінің артуы, елестер көре бастауы, өзіне көңілі толып, жеңілместей сезінуі.

Сыртқы белгілері:

- темекі иісі(түтіні), қалталарындасіріңке, тұтатқыш, шылым ұнтағының, желім құтыларының, папирос қағазының,ақ кристалл ұнтақтың, шыны ыдыстарда немесе полиэтилен пакеттерде кішірек тас тәріздес үзімдердің болуы, тері асты инъекциясына арналған шприцтер мен инелердің, күйдірілген бөтелке қақпағы немесе күйдірілген қасықтың, шырақтың, ұстара жүзінің болуы, саусақтарының сарғаюы, мас адамның кейпі, көздерінің астындағы қызарған ісіктер, жанған жапырақтардың қатты иісі, киім қыртыстары мен қалта тігістерінде ұсақ дәндердің болуы, саусақ терісінің түссізденуі сақтануды қажет етеді.

 

Асығыс шешім қабылдамай тұрып, алдымен мамандармен (наркологпен, психотерапевтпен, психологпен) бірлесе отырып, профилактикалық іс-шаралар жүргізген дұрыс.

 

Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының сенім телефоны
382-34-19

Наркологтың, психотерапевтің, психологтың консультациясын Сіз Мақатаев көшесі, 10-үй , 1-қабаттағы емханалық бөлімшенің №2, 10,11-кабинеттерінен ала аласыз

 

Категория: Ата-аналарға

 
Назад Вперед